
Халықаралық конференция аясында бастау алған үш күндік мазмұнды іс-шараның қорытындысы 2025 жылғы 25 сәуір күні Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде өткен республикалық семинар-практикуммен түйінделді. Аталған семинарды Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастырды.
Семинар тақырыбы – «Құндылыққа негізделген білім: ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін тең мүмкіндіктер жасау».
Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) оқушыларға құндылықтар жүйесіне негізделген сапалы білім беріп, олардың жеке әлеуетін ашуға жағдай жасау, инклюзивті ортада әр баланың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Семинар аясында:
• ЕБҚ оқушыларға арналған сабақтар өткізіліп, сараланған тапсырмалар мен заманауи әдіс-тәсілдер қолданылды;
• «Біз біргеміз: ортақ өнер, ортақ жүрек» атты бөлімде педагогтер мен ассистенттер шығармашылық бағытта бірлескен жұмыстарын көрсетті;
• Павлодар мен Қарағанды қалаларынан келген Әлихан мектебінің ұстаздары шеберлік сыныптарда инклюзивті білім берудегі үздік тәжірибелер бөлісті;
• Сыныптан тыс шығармашылық іс-шаралар мен концерттік бағдарлама оқушылардың әлеуметтенуіне ықпал етті.


Астана, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Ақтау, Петропавл және Алматы қалаларынан келген педагогтер мен Астана қаласынык әдістемелік орталықтың мамандары қатысқан іс-шараны жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
Мазмұны терең, құндылыққа толы іс-шара болды